Жағартылған білімнің жаңалығы мол

Қазақ тілінде оқитын мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы жоғары деңгейде өтті. Дәріс берген тренерлеріміз Шабажанова Салтанат Қалиасқарқызы мен Мигранова Әсемгүл Базарбайқызы мұғалімдермен жиырма күнге тарта елеулі еңбек атқарды.

Сабақ барысында жағартылған білім беру сыныптарының оқу мақсатының негізінде, орта мерзімді негізге алып отырып, қысқа мерзімді сабақ жоспарының жасалу жолдарын түсіндік.

Ақсу, Баянауыл, Май, Успен, Тереңкөл, Аққулы, Павлодар аудандарынан келген 28 мұғалім сабақ барысында өз тәжірибесін біріге отырып, ортаға салды.

Сабақ барысында белсенді оқу әдістері мен саралау әдіс -тәсілдің тиімді жолдарымен қатар жиынтық және тоқсандық бақылау жұмысының тапсырмаларын құрастырып, критериалды бағалау жолдарын меңгеріп, оқушылардың шығармашылық жұмысын дамыту мақсатына сәйкес шығармашылыққа алты қадам жұмысын жасадық. Оқу жұмысының сапасын арттыру жаттығуларды құрастырып, тиімді жолдарын қарастырып, іс- тәжірибеде пайдалануға әзірледік.

Жеке бір қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасап, қорытынды сабақта қорғау жұмысын сәтті өткізіп, мұғалімдер бір-бірімізді бағаладық. Сабақ соңында таныстырылым кезінде қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша жаңартылған бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдерді, критериалды бағалау жүйесін түсіну мен қолдануы, сонымен қатар ықшам абақ тәжірибесінің сабақты жоспарлауға ықпалына қатысты рефлекциясы бағаланды.

Әріптестеріміз бұл курста өздеріне алар мағлұматты мектептегі сабақтарына қолдану жолдарына мейлінше үйрендік деп тарқасты. Жаңартылған білім мазмұнында мұғалімдердің іс- тәжірибесін дамытқан тренерлеріміз Салтанат Қалиасқарқызы мен Әсемгүл Базарбайқызына әріптестеріміздің атынан шынайы алғысымызды айтамын. Қазақ тілінде оқитын мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы жоғары деңгейде өтті. Дәріс берген тренерлеріміз Шабажанова Салтанат Қалиасқарқызы мен Мигранова Әсемгүл Базарбайқызы мұғалімдермен жиырма күнге тарта елеулі еңбек атқарды.

Таңат Ахатов

Мұғалім, Баянауыл ауданы

Автор записи: Асет Жакиянов