ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ КУРСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

«Өрлеу» Павлодар филиалында үстіміздегі жылдың 27-қыркүйегі мен 1-қазан аралығында қазақ тілінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға  арналған білім берудің жаңартылған мазмұнын іске асыру жағдайында инклюзивті білім беру» тақырыбында онлайн-форматта курс ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараны жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Өміргүл Ертісхан өткізді.

Курсқа Павлодар аймағының жиырмаға жуық орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатысты. Оқу-тақырыптық жоспарға сәйкес курс төрт модульден құралған. Ұстаздар заманауи білім берудің психологиялық-педагогикалық және нормативтік аспектілерімен, білім беру сапасын арттыру контекстінде оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіруімен және педагогтердің ІТ-құзыреттіліктерін дамыту бағыттарымен танысып, өз қызметтерінде қолдануда.

Автор записи: Асет Жакиянов