КУРС ТЫҢДАУШЫСЫ А.Б. ОРАЗАЛИНАНЫҢ РЕФЛЕКСИЯСЫ

2021 жылдың мамыр айының 11-21 аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ ұйымдастырылуымен  «Кәсіптік және техникалық» білім беру бағытында сабақ беретін оқытушылар үшін жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша «Тарих» пәнінен біліктілігімді арттыру мақсатымен курстан өттім. Курс барысында жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынас орнату, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу дағдыларын талқылап, жаңартылған бағдарламаның білім саласына тиімділігі мен ерекшеліктеріне тоқталып, сабақта қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдер, мысалы: «Белсенді оқыту», «Саралап оқыту» әдістері, критериалды бағалау және оның түрлері туралы т.б. мәліметтер алдық.        Тренер өз жұмысында оқытудың активті және интерактивтік формалары мен әдістерін қолданды. Курс тренері Несіпбаева Әлем Жакеновна кез келген білімді нақты, қарапайымнан күрделіге түсінікті тілмен жеткізді. Теориясы мен практикасы мол, білікті тренердің арқасында өз білімімізді толықтырдық. Оқытушылардың біліктілігін көтеру мақсатымен осындай курс ұйымдастырған «Өрлеу» БАҰО АҚ орталығына және курстың тренері  Ә.Ж.Несіпбаеваға алғысымыз шексіз!

 

Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің

 «Қоғамдық пәндер» оқытушысы А.Б.Оразалина

Автор записи: Асет Жакиянов