КУРС ТЫҢДАУШЫСЫ А.К. КЕНЖЕГАЛИННІҢ РЕФЛЕКСИЯСЫ

Мен, М. Қанапиянов атындағы ППУ Жоғары педагогикалық колледжінің құқық және экономика негіздері пәнінің оқытушысы Кенжегалин Алмас Каиргельдинович, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» негізінде  ұйымдастырылған 2021 жылғы 11 мен 21 мамыр күндері аралығында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша техникалық және кәсіптік білім беру мемлекеттік ұйымдарының «Тарих» пәні педагогтеріне арналған қашықтан біліктілікті арттыру курсынан өттім.

Курстың әдістемелік мазмұны қазіргі білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерге толығымен сәйкестендірілген. Сабақты өткізудің түрлі әдістерімен танысуға мүмкіндік ала отыра, тәжірибелік жағынан біршама шыңдалғанымыз сөзсіз. Осындай қысқа мерзімде бізге барынша қолдау көрсетіп, тәжірибесімен бөліскен курс тренері – Несипбаева Алем Жакеновнаға алғысымды білдіргім келеді. Орталықтың барша қызметкерлеріне жұмыстарында сәттілік тілей отыра, осындай мазмұнды да өзекті курстардың көбірек өткізілгеніне тілектеспін.

Ізгі ниетпен, Кенжегалин А.К.,

М. Қанапиянов атындағы ППУ Жоғары педагогикалық колледжі

Автор записи: Асет Жакиянов