КУРС ТЫҢДАУШЫСЫ З. Н. ИСАБАЕВАНЫҢ РЕФЛЕКСИЯСЫ

Мен, Исабаева Зарина Нурлановна, Павлодар қаласы №25 жалпы орта білім беру мектебі  басшысының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымын. Осы курсқа біліктілігімді жетілдіру мақсатында қатыстым.  Мен тек өз пәнім бойынша ғана емес, сонымен қатар, басшының орынбасары ретіндегі білімімді ары қарай жетілдіріп, кәсіби біліктілігімді көтеріп, түрлі инновациялық әдіс-тәсілдер мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгергім келді. Себебі, басшының орынбасары ретінде еңбек өтілім 2 жыл болғандықтан, білікті мамандардан, біліктілікті арттыру курстарынан  үйренеріміз мол деп ойлаймын. Өзімнің кәсіби біліктілігімді дамыту, шеберлігімді шыңдау мақсатымен 2021 жылдың 15-26 ақпан аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ-да «Білім беруді цифрлық трансформация жағдайындағы инновациялық менеджмент» тақырыбындағы 80 сағаттық курсқа қатыстым. «Өрлеу» БАҰО»  АҚ Павлодар филиалының оқытушы-тренерлері облыс педагогтеріне  үздіксіз білім беріп, жаңалықтарды  айқындап беруде бар күш жігерлерін салуда. Курс бойы  Өміргүл Ертісханқызы және Айгүл Жұматқызы Ахметниязова дәріс оқыды. Сонымен қатар, Ашимбетова Роза Дүйсенқызыда басқару үдерісі көшбасшылық жөнініде мазмұнды дәріс оқып,  тәжірибесімен бөлісті.

  Бұл курс менің кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, инновациялық менеджмент бойынша көкейімде жүрген көптеген сұрақтардың жауабын табуыма өз септігін тигізді. Курска келмес бұрын менеджмент жайында мағлұматым болғанымен, іс жүзінде, тәжірибеде білмейтін, қиналатын мәселелерімен кездесіп, сан алуан сұрақтар туындап отыратын. Сол сұрақтар жауабын курс оқуы кезінде таптым деп толықтай айта аламын. Ол үшін тренеріміз Өміргүл Ертісханқызына және Айгүл Жұматқызына айтар алғысым шексіз.

Курс оқуы білім беруді цифрлық трансформация жағдайындағы инновациялық менеджмент туралы өзекті мәселелерді танудан басталды. Бүгінгі таңда, еліміздің жағдайына қарамастан, оқытушымызбен бетпе-бет кезікпей отырсақ та,  дәрістеріміз зум арқылы өтсе де, АКТ-ның қыр-сырларын меңгердік.  Дәріс кезінде залдарға бөлініп, топпен жұмыс жасау арқылы жұмыстар ұйымдастырылды.  Бірнеше күн бойы курс оқуынан алған білімімізді іс жүзінде дәлелдедік. Курс мазмұны бойынша білім-білігіміз жеке, топтық жұмыс (залдарға бөліну) түрлерін орындау арқылы қорытындыланды. Тест жұмыстары, шеберлік сағаттарды қорғау, кәсіби құзіреттілігімізді жетілдіріп, педагогикалық шеберлігімізді шыңдауға ықпал етті.

Курс бағдарламасы мазмұнын толық түсіндік. Тренер тарапынан берілген нақты әдістемелік көмек пен кеңес және инновациялық менеджменттің өзекті мәселелеріне толық жауап алдық.

Білім шеті жоқ теңіз сияқты, бірақ курс соңында  біліміміз бір сатыға емес бірнеше сатыға көтерілгендей әсерде болдық.

Осындай курстар басшылармен орынбасарларға шынымен қажет деп ойлаймын. Осы бағытта «Өрлеу» БАҰО»  АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастырған алғашқы курс болса да,  жаңа бастап отырған жас орынбасарларға берері мол.

         Алдағы уақытта осындай сапалы курстар мен семинарлар ұйымдастырылса екен деген ұсыныс білдіремін.

№25 ЖОМББ КММ басшысының
оқу-тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары З.Н. Исабаева

Автор записи: Асет Жакиянов