КУРС ТЫҢДАУШЫСЫ Д.Б. СМАГУЛОВАНЫҢ РЕФЛЕКСИЯСЫ

Биылғы оқу жылының соңы ерекше курспен есте қалды. «Өрлеу» Біліктілікті артыру ұлтық орталығы» АҚ филиалы «Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» қазақ тілді мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбында онлайн курс өткізді (курс тренері – Өміргүл Ертісханқызы). Сол курсқа қатысушылардың бірі мен болдым. Курс өте қызықты өтті. Оқу жылының соңындағы қарбаласқа қарамастан, біздің топ өте белсенді қатысты. Көптеген жаңа мәліметтер, тың ақпараттар алып, зум платформасында жұмыс жасаудың қыр-сырлары, гугл форма, гугл джамборд бағдарламаларымен жұмыс жасауды үйрендік.

Оқу бағдарламасымен жұмыс жасау барысы, жобалау технологиясы, жоба құрылымы, жоба жұмысын қорғау, білім саласындағы жаңа трендтер (қысқа бөліктерді оқыту, икемді оқыту формасы, оқытудың қолданбалы сипаты), дарынды, талантты балалармен жұмыс, қызықты, пайдалы «Т кестесі», «ҚҚҚ» әдістері, «ыстық орындық» әдісі, «фантик» әдісі, көркем мәтінді оқыту түрлері, «балық қаңқасын» «тағамен» алмастыру, оқылым стратегиялары (тізбектеп оқу, сканерлеп оқу, зерттеп оқу, детальді оқу), жобалап оқыту,  4 дағды туралы, білім берудегі әртүрлі әдіс-тәсілдер, функционалдық сауаттылық т.б. мәселелер мен мәліметтерді тағы бір мәрте еске түсіріп, практика жүзінде орындау мен үшін таптырмас тәжірибе болды. Себебі «қайталау – білімнің анасы» деп бекер айтылмаған. Білім мен білік әрқашан қайталауды, еске түсіруді талап етеді.

Ерекше атап өтетін жайт, жоба жұмысын қорғау барысында топпен жұмыс жасағанымыз, тақырып таңдау процесі, жоба жұмысын құруда неге мән беру керек деген мәселелер, жобалау мен жүзеге асыру кезеңінің 5 сатысы (мақсат қою: кіші мақсаттар жүйесі; диагностика; оқушының өзіндік жұмысының мөлшері; жобаның логикалық құрылымы; түзету), «КӘМҚ», әдебиетті өмірмен байланыстыра отырып тәрбиелеуді басты мақсат ету, айтылған сыни пікірлерді ескере отырып, түзету жұмыстарын жасау жақсы сабақ болды.

Қорытындылай келе  өз пәнім бойынша біліктілігімді арттырдым деп сенімді айта аламын. Жаңа оқу жылында курстан алған жаңа идеялармен, жаңа біліммен,  жаңа күшпен  білек сыбана жұмысқа кірісемін! Оқытушыларымыз Өміргүл Ертісханқызына, Айгүл Жуматовнаға үлкен алғыс білдіремін!

 

Смагулова Динара Болатбековна

Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің

«№18 жалпы орта білім беру мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Автор записи: Асет Жакиянов