КУРС ТЫҢДАУШЫСЫ Д.Т. ТАШИМОВАНЫҢ РЕФЛЕКСИЯСЫ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ 2021 жылғы 18-22 қаңтар аралығында «Инклюзивті білім беру: Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ерекше білім берілуін қажет ететін балаларды оқыту» тақырыбында жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған ақылы онлайн форматта педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізді. Курс тындаушылары Екібастұз қаласының С.Торайғыров  атындағы  № 22 гимназия-мектебінің ұстаздары болды.

Working

Курсты өткізген жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдарды оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Балкен Жебеновна Ауталипова.

Бір аптаның ішінде онлайн-дәрісте өзіме алған мәлімет өте құндылы.

Қазақстандағы инклюзивті оқытудың нормативтік-құқықтық базасынан бастап жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім беруде ерекше білім берілуін қажет ететін балалар үшін психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ерекше білім берілуін қажет ететін балалар үшін жеке білім беру маршрутын, бейімделген жеке білім беру бағдарламасын құрастыру мен практикада іске асырулуы қарастырылды. Ерекше білім берілуін қажет ететін балаларды 8 санат бойынша оқытудың ұйымдастырушылық-әдістемелік шарттары қарастырылды.

Сабақта ұсынылған материалдың ғылыми құндылығы  жоғары,  курста ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланып, оқытушының педагогикалық шеберлігі (сөйлеу мәдениеті,  дауыс ырғағының өте құлаққа жағымдылығы, тыңдаушылармен байланысы,   сыпайылығы) біздің әріптестерге керемет ұнады.

       Сонымен,  қатар материалдың қол жетімдігі, оқу үдерісінде  қолданған  әдістері,  түсіндіріліп жатқан тақырыпты  саралау, әр тақырып аяқталған кезінде қорытындылап,  мәліметтерді өте тиімді, түсінікті, тілмен түсіндіре білді. ТӨЖді орындау барысында бізге қолдау көрсетілді.

        Курстың өту мазмұны жоғары деңгейде болды, көкейде жүрген сұрақтарға жауап алдым. Осындай жоғары кәсіби деңгейде өткізілген курс үшін рақмет. Келешекте сізге шығармашылық табыс тілеймін,  озат  шәкірттеріңіз көп болсын, деніңізге саулық отбасыңызға амандық тілеймін.

 

Ташимова Динара Туалебековна

ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары

С.Торайғыров  атындағы  № 22 гимназия-мектебі

Автор записи: Асет Жакиянов