КУРС ТЫҢДАУШЫСЫ М.Ө. ӨКЕШТІҢ РЕФЛЕКСИЯСЫ

Мен, Өкеш Маржан Өкешқызы Май ауданы Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Өзімнің білімімді жетілдіріп, кәсіби біліктілігім мен Абай шығармаларын жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқыту үшін  2021 жылдың  19-23 сәуір аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ-да «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында «Абайтану» курсы таңдау пәнін оқытудың технологиялық және әдіснамалық негіздемесі»  тақырыбындағы 40 сағаттық курсқа қатыстым. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абай тақырыбы – мәңгілік тақырып. Абай тақырыбы – таусылмайтын телегей теңіз екенін курс барысында педагогика ғылымдарының магистрі, тренер Өміргүл Ертісханқызы тағы бір дәлелдеді. Курс барысында жаңартылған білім мазмұнына сай сабаққа дейінгі іс-әрекеттер сонымен қатар ықшам сабақ пен қысқа мерзімді сабақ құрастыруды үйреніп жақсы меңгердім.

Әрбір дәріс алғаннан кейін топпен, жұппен жеке залдарға бөлініп жұмыс жасап, тәжірибемізбен алмастық.

Бұл курс менің тағы бір сатыға көтерілуіме, кәсіби білімімді шыңдауға әсерін тигізді. Абайтану курсын жаңартылған мазмұны жағдайында қалай оқытсам екен деген көкейімдегі сауалыма жауап тапқандай болдым. Аз уақытта көп нәтиежеге қол жеткіздік деп сенемін.

Тренеріміз Өміргүл Ертісханқызына алғысымды білдіре отырып, осылай сабырлы да салмақты, білімді де білікті сіз сияқты мамандар көп болса екен деп тілеймін. Әлі де оқытар ұстаздарыңыз көп болып, ел алғысына бөленіп жүре беріңіз.

Автор записи: Асет Жакиянов