КУРС ТЫҢДАУШЫСЫ Қ.Ж. ШАРИПОВТЫҢ РЕФЛЕКСИЯСЫ

Мен, ағымдағы жылғы мамыр айының 24 мен маусым айының 4 аралығында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Павлодар филиалында қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы онлайн-біліктілікті арттыру курсынан өттім.

Курс мақсаты  бүгінгі білім беру стандартына сай  «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуда   жаңа тәсілдерді игеру арқылы мұғалімнің педагогикалық шеберлігін арттыру болып табылды. Әдіс-тәсілдерді оқу, үйрену, білу, оны іске асыру пән мұғалімдерінің негізгі міндеттерінің бірі.

Курс барысында тренеріміз Өміргүл Ертісханқызы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерін жобалау технологиясына және оның түрлеріне тоқталып, әсіресе оқушыларды қазақ әдебиеті пәнінен жоба құрылымын жасатып үйретудің жолдарын қарастырды. Күнделікті сабақ тақырыптарына ықшам сабақтарын құрастыру, тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым дағдыларының ерекшеліктеріне тоқталып, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері бойынша бірлескен жұмыс, дарынды балаларды анықтау, әсіресе оқушыларды эссе жазуға дағдыландыру жолдарын үйрендік.

Сайып келгенде курста болған әріптестеріме шығармашылық табыс, біздерге екі апта бойында дәріс оқып, тәжірибе жұмыстарын жасатқан тренеріміз Өміргүл Ертісханқызына өз ризашылығымды білдіріп, рақмет айтамын.

 

 Ертіс ауданы, Қарақұдық ЖОББМ-нің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті

пәндерінің мұғалімі Қуанышбек Жеңісұлы Шарипов

Автор записи: Асет Жакиянов