Математика бойынша он-лайн курс: «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №21 жалпы орта білім беретін мектеп» ММ мұғалімі У. Байдолданың пікірі

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»   акционерлік қоғамының филиалы Павлодар  облысы  бойынша педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру институтында 2020 жылғы 7 шілдеден бастап  «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың математикалық сауаттылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында педагог кадрларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша қашықтықтан оқыту курсынан өтіп жатырмын. Бұл курс мұғалімдердің өз тәжірбиесіне талдау жасап, бір-бірлерімен пікір алмасуына пайдасы өте зор деп бағалаймын.

 Бізде қазіргі жағдайда тақырыпқа сай дәріс, бейнесабақтар жүргізіліп жатыр. Курс барысында:

— функционалдық сауаттылықтың концептуалды негіздерін, нақты өмірлік жағдайларда қолдану үшін қажетті тұлғаның құзыреттері мен қасиеттерін қарастырдық;

— оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларының үлгілерін талдадық;

— оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін әртүрлі жаңа форматта сабақ жоспарын әзірлеп т.б көптеген мәселелерді ортаға салудамыз. Аталған курсқа қатысып жатқан математика пән мұғалімдері өзара пікір алмасып көптеген мәселелерді талқылап, ойымызда жүрген сан алуан сұрақтар мен пікірлерді алмасып жатқанымызға өте қуаныштымын. Осындай нәтижелі курс жүргізіп жатқан аталымыш ұйымға алғысым зор!


 «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

№21 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-нің

математика пәні мұғалімі Байдолда Умиргул.

Автор записи: Асет Жакиянов