Онлайн-курс тыңдаушысының рефлексиясы: «Баянауыл ауданының Жылбек Ағаділов атындағы ЖОББ мектебі» КММ мұғалімі Шакар Жакупова

2020 жылдың 25 мамыр мен 5 маусым аралығында «Өрлеу БАҰО» АҚ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ ұйымдастырған «Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақталған мектептің (ШЖМ) оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы интегративті амалы» тақырыбы курсын аяқтадым.

Курс барысында ШЖМ кіріктірілген оқытудың әдістемесін қолданудың түрлері мен тәсілдерін, мәнін өз іс тәжірибемізбен бөлісе отырып меңгердік. Сонымен қатар онлайн курста әр дәріс сайын тыңдаушылардың өзіндік жұмысты орындау дағдылары қалыптастырылды. Біріктірілген сыныптарда қысқа мерзімді жоспар құру талаптары талданып, тыңдаушылар өз іс тәжірибелерімен бөлісіп, құру ерекшеліктері анықталды. «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қостау кафедрасының аға оқытушысы  Б.Ж.Ауталипова тыңдаушылардың кәсіби құзыреттілігін көтеру мақсатында  АКТ мен табысты оқытудың негізі кері байланысты да тиімді қолданды.

Бұл 80 сағаттық курс онлайн болса да, өте жоғары деңгейде өтті, бұл курстан екі жұмада білмегенімді үйрендім, қалай жасау керек, қалай орындау керек екенін білдім, маған өте тиімді болды. Осындай заман талабына сай, білім алушыны оқытып қана қоймай, «өз бетінше білім алуға үйрететін» курстарыңыз үшін алғыс білдіремін.

Автор записи: Асет Жакиянов