Онлайн курс тыңдаушысының рефлексиясы: Ақсу қаласы Алғабас селолық округінің М.Қабылбеков атындағы ЖОББМ мұғалімі Нұргүл Карманова

2020 жылғы 25 мамыр мен 5 маусым аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастырған «Шағын жинақталған мектептерде біріктірілген сынып-комплектілерінде пәдерді оқыту әдістемесі» тақырыбындағы онлайн-біліктілік арттыру курсынан өтудемін.

Бұл курс мен үшін ерекше.  Себебі,  біліктілікті арттыру курсын онлайн түрде өтудемін. Қарыштап дамып жатқан заманда әрбір педагогтың кәсібилік деңгейін шыңдау – бүгінгі күннің басты талабы. Сондықтан, педагог кадрлардың  біліктіліктерін  арттыру курстарының маңызы зор. Алғашқы күннен бастап курстың кураторлары — Бибігүл Әмірханқызы Жаукенова мен Гаухар Ғалымқызы Ахметованың дәрістерін тыңдап, көптеген қажетті ақпарат алудамын. Елімізде орын алған жағдайға қарамастан, онлайн курс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқыту әрбір тыңдаушыға ыңғайлы платформалар мен мессенджерлер арқылы жүзеге асуда.

Дәріс тақырыптары өзекті, ақпарат ықшамды, тыңдаушыға қызықты етіп беріледі. Сабақ өткізудің тиімді әдістері мен технологияларды үйрене отырып, білімімді арттырудамын.

Сондықтан «Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар филиалы ұжымына, курстық кураторлары — Бибігүл Әмірханқызы мен Гаухар Ғалымқызына осындай курстар ұйымдастырып, кәсіби деңгейімізді шыңдауға ықпал жасағандарыңыз үшін алғысымды білдіремін.

Автор записи: Асет Жакиянов