Онлайн курс тыңдаушысы Айгерім Меирханқызы Жексембайдың рефлексиясы

Бүкіл әлемдік пандемия себебінен 22.06 — 3.07 аралығында «Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» курсын қашықтықтан өттім.

  • Мұғалім неліктен өзгеру керек?
  • Мінсіз оқушы қандай болу керек?
  • Белсенді оқыту әдістерін қалай пайдаланған жөн?
  • Республикалық педагогтер қауымдастығы,
  • зерттеу тапсырмаларының аспектілері,
  • «ПОПС» формуласы,
  • функционалдық сауаттылық дегеніміз не?
  • бастауыш сынып оқушыларына арналған платформалар!

Осы сияқты көптеген  сұрақтарымызға нақты жауап алдық!

Курс барысында Оморгуль Эртисханқызы кураторымыз болды. Кураторымыздың арқасында 1 қыркүйекте қандай сценарий күтіп тұрса да дайынбыз! Талантты ұстаз – қашықтыққа да қарамай бір топ ұстаздардың кәсібилігін арттырып, білім беру процесін түсінікті және жаңашыл ете білді. Әр ұстаз білім беріп жүрген оқушыларының мінсіз болғанын қалайды.Сол мінсіз баланы тәрбиелеу үшін мұғалім де үнемі даму үстінде болу керек. Дәріс берген барша ұстаздарға, осы бағдарламаны құрастырған «Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚБА институтына зор алғысымды білдіремін! Дендеріңіз сау болып, аман жүріңіздер!

Павлодар қаласының №29 ЖОББМ

бастауыш сынып мұғалімі

Жексембай Айгерім Меирханқызы

Автор записи: Асет Жакиянов