Онлайн курс тыңдаушысы Б.Қ. Татымбетованың рефлексиясы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар филиалында шағын жинақталған мектеп мұғалімдеріне арналған «Шағын жинақты мектептің біріктірілген сынып-жинақтарында пәндерді оқыту әдістемесі» тақырыбында онлайн-біліктілік арттыру курсын тәмамдадым. Курстың мақсаты: қазақ, орыс тілінде оқытатын шағын жинақты мектеп басшыларының, мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту болатын. Курс барысында 5 модульмен жүйелі түрде жұмыс жасадық. Атап айтсақ, басқару модулі, педагогикалық модуль, нормативтік-құқықтық модуль, технологиялық модуль және вариативтік модуль. Курс өте қызықты болды.

Елімізде болып жатқан жағдайға қарамастан осындай мүмкіндікті мұғалімдерімізге беріп жатқан «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының әкімшілігіне және күнделікті дәріс оқып, мұғалімдермен тығыз байланыста болып, кері байланыс жасап отырған курс жетекшіміз Ахметниязова Айгүл Жұматқызына алғысым шексіз.

 

Ақтоғай ауданының Шолақсор орта мектебі

 география пәнінің мұғалімі Б.Қ. Татымбетова

Автор записи: Асет Жакиянов