Онлайн курс тыңдаушысы Г.С. Касымованың рефлексиясы

Мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар филиалында 22.06 – 03.07 аралығында біліктілігімді арттыру мақсатында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында курстан өтудемін.

Курстың ерекшелігі, жаңашылдығы — еліміздегі пандемеяға байланысты курс онлайн түрде өтуде.

Курс барысында біз дарынды оқушылармен жұмыс істеудің формалары, дарынды оқушыны  анықтаудың бес өлшемі, блум таксономиясының тиімділігі, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру т.б. өзекті тақырыптарды қарастырып, практикалық тапсырмалар орындаудамыз.

Курс онлайн түрде өтіп жатса да жақсы, шебер ұйымдастырылған. Курс кураторы — Омиргуль Эртисхан, тыңдаушыларға онлайн-курс барысында дәрістерді барынша түсінікті, тиімді етіп түсіндіре білді. Дәріс үйретуші ұстаздар облысымыздың түкпір-түкпірінен жиналған бастауыш сынып мұғалімдерін жаңа оқу жылына, әсіресе пандемия жалғасқан жағдайда қашықтықтан оқытуға дайындап, білім-білікпен қаруландырды деп ойлаймыз. Еңбектеріңізге мың алғыс айтамыз!

 

Касымова Гульбахыт Сансызбаевна,

Екібастұз қаласының

А. Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім

беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалім

Автор записи: Асет Жакиянов