Онлайн курс тыңдаушысы Н.Ш. Тулешовтың рефлексиясы

Курс тыңдаушысы Н.Ш. Тулешов – Е.Бекмаханов атындағы ЖОББМ дене шынықтыру мұғалімі. Өз пікірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар филиалында жалпы білім беретін шағын жинақталған мектептердің мұғалімдеріне арналған «Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақталған мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы интегративті амал» тақырыбындағы онлайн-біліктілік арттыру курсынан алған әсерімен бөлісті (курс жетекшісі- Б.Ауталипова).

«Құрметті Балкен Жебеновна, сізге және ұжымыңызға алғысым шексіз! Қашықтан онлайн форматында ұйымдастырылған курс қол жетімді, әрі тиімді болды. Дәріс барысында оқу мақсаттары анық, түсінікті түрде жеткізілді. Сабақ жоспарының әртүрлі компоненттерінің тиісті бөлшектері қамтылып, логикалық жағынан реттелген және оқу мақсаттарына сай келетін жаттығулар мен тапсырмалар туралы толық ақпараттар ұсынылды. Мақсатты білім мен дағдыларды қалыптастыруға арналған тиісті әдіс-тәсілдерді анықтап, проблемаларды алдын ала көре білуге және анықталған дағдыларға қатысты шешімдер ұсынылды. Қажетті материалдар мен ресурстарды пайдалану жоспарланған.

Курс барысында шағын оқытуды жоспарлауды үйрендім, келешекте пайдаланамын деген ниеттемін. Еңбектерініз жанып, биіктерден көріне беріңіздер!»

 

 Баянауыл ауданының Е.Бекмаханов атындағы ЖОББМ

дене шынықтыру мұғалімі Н.Ш. Тулешов.

Автор записи: Асет Жакиянов