Онлайн курс тыңдаушысы Фатима Манейдің рефлексиясы

2020 жылдың 07.07.-17.07. аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастырған «Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақталған мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы интегративті амалы» тақырыбындағы онлайн-біліктілік арттыру курсынан өттім. Біздің тренеріміз Ауталипова Балкен Жебенқызы болды. Бұл курс біз үшін түсінікті, мазмұны терең болды. Шағын жинақталған сыныптарда сабақ беру кезінде басшылыққа алынатын нормативтік құжаттармен танысып, түрлі оқу модульдерімен жұмыс жасауды, критерийге сәйкес тапсырмалар жасап дескриптор құруды, қысқа мерзімді жоспар құрастырғанда ұстанатын қағидалармен, сабақ беру кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдерді үйрендім.

Үйге берілген тапсырмалар арқылы өз бетіммен ізденіп, қосымша материалдармен таныстым. Бұл курстан өзіме көптеген жаңа мағлұматтар алдым. Курсты ұйымдастырып өткізген Балкен Жебенқызына және де «Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар филиалына алғысымды білдіремін!

 

Фатима Маней, Ақтоғай ауданының

Мүткенов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің

 ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

Автор записи: Асет Жакиянов