Оқуға қалай үйретуге болады?

Әлемдегі барлық нәрсені эмпирикалық жолмен тану мүмкін емес болғандықтан, біз үшін жаңа білімді тауып және оны сипаттап жазғандардың мәтіндерін оқу арқылы көп нәрсені үйренеміз – оларға рахмет! Сондықтан да  мәтінді түсіну — бұл негізгілердің бірі, мәтінді түсінуге әкелетін қажетті іс-әрекеттің әдістерін меңгеру қажет, өйткені бұл оқу икемділігінің негізі. Халықаралық зерттеулер «оқу сауаттылығы» деп атайтын — тек оқу икемділіктерін ғана емес, сонымен бірге оқылғанды түсіну, өз түсінігін осы немесе басқа түрде білдіруді тексеретіні кездейсоқтық емес. 2021 жыл да алыс емес, біздің оқушыларымыз келесі PISA зерттеулерінде нәтижелерін жақсарта ала ма? Ол бізге байланысты.

Шығармашылық топтың кезекті отырысында мына мәселелер — PISA форматындағы тапсырмалар Б. Блум таксономиясының деңгейлерімен және оқулықтардағы тапсырмалармен қалай сәйкес келетіні, мұндай тапсырмаларды қалай құрастыруға, оқылым сауаттылығының оқу мақсаттарымен сабақтың пәндік мақсатын қалай келістіруге, түсініп оқу тәсілдерін сабақта қалай үйретуге болатындығы талқыланды. Топтар өзара өнімді әрекеттесу барысында сабаққа арналған тапсырмаларын әзірледі. Рефлексияда өздеріне алған жаңалықтарымен бөлісіп, бір-бірлерімен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ ай сайын өткізетін «Педагогикалық шеберхананың» бірлескен жұмысынан туындаған шығармашылық шабыттарын білдірді.

Автор записи: Асет Жакиянов