ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ОРТА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ШЕҢБЕРІНДЕ «БИОЛОГИЯ» ПƏНІ БОЙЫНША ОНЛАЙН КУРС ТЫҢДАУШЫСЫ МАХСАТХАН ЖЕКЕБАЙДЫҢ РЕФЛЕКСИЯСЫ

2020 жылғы қазан айының 5-16 аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастырған ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде «Биология» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша онлайн-біліктілік арттыру курсынан өттім.

Онлайн-курс білімімізді тереңдетуге кедергісін келтірген жоқ. Қашықтан оқу барысында ешқандай қиындықсыз, өзімізге құнды ақпараттар ала алдық. Курстың онлайн өтуі мұғалімдерге еш мәселе туғызбай, барлығы ұйымдастырылған түрде ат салысып, пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісіп отырды. Курс жоғары дәрежеде өткізіліп, біз сәтті аяқтадық.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар филиалы ұжымына, тренеріміз Р.Т. Нұрсейітке осындай курсты ұйымдастырып, білімімізді жетілдіруге мүмкіншілік жасағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.

Осы курс барысында туындаған өлең жолдарын назарларыңызға ұсынамын:

Екі аптадай сіздермен сырлас болдық,
Бір қуанып, бір тілек мұңдас болдық.
Шынайы бір сыныпта болмасақта,
Онлайн жүйеде бірге болдық.

Тобымызда үлкен де, кіші де бар,
Ұстаздармыз біз әр кез ісіне адал.
Тәлім алып жаңарып жатырмыз ғой,
Заманның бізге қойған талабы бар.

Біліміміз жинаған екі аптада,
Айтатындай болдық біз шын мақтана.
Ескі жүйе, ескіріп қалып жатыр,
Сұранысқа сай болдық біз жап-жаңа.

Жетер болсын тілегім баршаңызға,
Айналыңыз әр бірің қарт аңызға.
Жемісті боп әрқашан еңбегіңіз,
Мұратқа жетіңіздер, бір Алланың арқасында!

 

Ақсу қаласының Үштерек ЖОББМ

 биология пәнінің мұғалімі Жекебай Махсатхан

Автор записи: Асет Жакиянов