Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде «дүниежүзі тарихы» пəні бойынша онлайн-курс тыңдаушысы І.Н. Идрисованың пікірі ​

2020 жылғы қыркүйек айының 14-25 аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ-да ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша онлайн-біліктілік арттыру курсынан өттім.

Тренеріміз Несіпбаева Алем Жакеновна курс барысында мұғалімдердің жас ерекшелігіне қарамай бәріне барынша қолдау көрсетіп, кедергілерден өтуге жағдай жасап отырды. Методикалық нұсқаулық пен тапсырмалар бере отырып, жаңартылған білім берудің жүйесін жан-жақты үйретуге тырысты.
Жас маман ретінде бұл курс мен үшін жеке бір мектеп болды десем қате болмас. Себебі курс барысында тәжірибесі көп мұғалімдерден, жетекшімізден біраз құнды мәліметтер жинадым, тәжірибе алмастық. Екі жұмада оқып-түйгенімді оқушылармен жұмыс барысында міндетті түрде қолданатын боламын.

Ақсу қаласы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының тарих пәні мұғалімі Іңкәр Нышановна Идрисова

Автор записи: Асет Жакиянов