Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша онлайн курс: «Павлодар ауданының Мичурин жалпы орта білім беру мектебі» ММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Р. Макашеваның пікірі

2020 жылғы 11-22 мамыр аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқыту процесін жобалау» тақырыбында онлайн-біліктілік арттыру курсынан өтіп жатырмын.

Қашықтықтан оқыту – қазіргі заман талабына сай оқыту. Білім беру саласында ақпараттық технологиялар дамыған оқу орындары әр жағдайға дайын болып, білім алып, білім беруден шет қалмауы тиіс. Қазіргі кезде туындаған мәселе негізінде, балаларды қашықтықтан оқыту жүзеге асып жатыр, осыған орай ұйымдастырылған курс нұр үстіне нұр. Өтіп жатқан курстың тақырыбы өте қызықты, аса қажет. Білім беру үдерісінде қызмет ететін ұстаздар қауымы үшін білім деңгейін одан әрі кеңейтіп, біліктіліктерін арттыруға зор мүмкіндігін береді. Бүгінде заманға сәйкес оқыту формалары өзгеріс үстінде, біліктілік арттыру курстарының өту әдісі де өзгеріп жатыр.

Осындай мүмкіндікті ұйымдастырған «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының әкімшілігіне және күнделікті дәріс оқып, жағымды психологиялық жағдай жасап, мұғалімдер қауымын толғандырған сұрақтарын қойып, кері байланыс жасап отырған кураторымыз Оморгуль Эртисханқызына шын жүректен алғысымды білдіргім келеді.

Автор записи: Асет Жакиянов