ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ БОЙЫНША ОН-ЛАЙН КУРС: МАЙ АУДАНЫ «КӨКТӨБЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» ММ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ С.О. ЗИЛЬКЕНОВТІҢ ПІКІРІ

2020 жылғы 11-22 мамыр аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқыту процесін жобалау» тақырыбында онлайн-біліктілік арттыру курсынан өтудемін.

Маған бұл курс өте ұнайды, әр күнге қойылған дәріс тақырыптары мұғалімнің кәсіби шеберлігін шыңдауға арналған және өтілу барысы  жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бүгінгі күнде 25 тыңдаушы онлайн режимде күнделікті дәріс алып, берілген тапсырмаларға кері байланыс жасаудамыз. Осындай мүмкіндікті ұйымдастырған «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының әкімшілігіне және күнделікті дәріс оқып, кері байланыс жасап отырған кураторымыз Оморгуль Эртисханқызына шын жүректен алғысымды жеткізгім келеді.

 

Автор записи: Асет Жакиянов