Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерімен вебинар өтті

Желтоқсан айының 2-жұлдызында «Өрлеу»Павлодар филиалының аға оқытушысы Өміргүл Ертісхан «PISA халықаралық зерттеуін жүргізу шеңберінде функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында вебинар ұйымдастырды. Іс шараның басты мақсаты «PISA-2022» халықаралық зерттеуіне оқушыларды дайындаудағы педагог шеберлігін арттыру үшін тәжірибе алмасу. Екібастұз, Ақсу, Павлодар қалалары мен облыс аудандарының, барлығы елуге жуық қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдері қатысқан вебинар барысында бір-бірімен тәжірибе алмасты.

Тыңдаушылардың алдында алғашқы болып «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Павлодар филиалының оқу ісі және МҚ бөлім бастығы Балкен Ауталипова Қазақстан «PISA-2022»-де елдер рейтингісінде жоғарылау үшін қандай өзгерістер жасау қажеттілігі жайында сөз қозғады. Бұл арада ұстаздар да өз ұсыныстарын жасап, ой қозғады.

Баяндамашылардың қатарында А. Амиза ( Май ауданы, Қазан ЖОББ мектебі), А.Сартаева (Баянауыл ауданы, «Жасдәурен» ОСО), Г.Дюсенбина (Павлолар қ. №37 ЖОББ мектебі), Р. Мухаметжанова, Б.Окпина (Ы. Алтынсарин атындағы қазақ гимназия интернаты), А.Мутанқызы (Май ауданы Ақжар ЖОББ мектебі), А. Жүнісова (Успен ауданы Ковалев НЖББ мектебі), Б.Тонхорхан (Павлодар қ. №7 ЖОББ мектебі) болды. Олар бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен функционалдық сауаттылықтарын, оқылым дағдыларын дамытуға бағытталған PISA тапсырмалары арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруын талқылап, серпінді жұмыс режимі қатысушыларды белсенді диалогқа барынша тартуға ықпалын тигізді.

Автор записи: Асет Жакиянов