Қалыптастырушы бағалау – оқушылардың жетістіктерін жетілдіру құралы

Үстіміздегі жылдың 30-қарашасында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Павлодар филиалы  (модераторы: курстан кейінгі қолдау және әдістемелік қостау кафедрасының әдіскері Р.Нұрсейіт) мен Ақсу қаласының №1 қазақ орта мектебімен бірлесіп «Қалыптастырушы бағалау — білім алушылардың оқу жетістіктерін жетілдірудің құралы ретінде» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинардың мақсаты қалыптастырушы бағалаудың өзекті мәселелерін талқылап, оқушыны оқу үдерісіне тарту үшін қолдану жолдарын нақтылау болды.

Іс-шараға Ақсу қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі М. Айдарова,  Ақсу, Май, Аққулы аудандарының елуден астам мұғалімдері қатысып, бір-бірімен тәжірибе алмасты. Ұстаздар оқушылардың құзыреттілігін арттыруда қалыптастырушы бағалаудың әдістері, рөлі, оның ерекшеліктері мен қолданылуы, оны бастауыш сыныпта ұйымдастыра білу жайында сөз қозғап, бір-біріне өзекті сұрақтар қойып, сындарлы жауаптарын алды.

         Тыңдаушылар вебинар бағдарламасының көңілдерінен шыққаны жайлы айтып өтті.

Автор записи: Асет Жакиянов