Қашықтан оқыту курс тыңдаушысының рефлексиясы: Шарбақты ауданы Есілбай ЖОББМ мұғалімі Айгүл Зарлыққызы Абжатова

 «Шағын жинақты мектептің біріктірілген сынып-жинақтарында пәндерді оқыту әдістемесі» курсын да тәмамдадық. Курс барысында тренерлеріміз Алем Жекеновна Несипбаева мен Гаухар Галымовна Ахметованың  тікелей эфир арқылы  берген тартымды да мазмұнды сабақтары бәріміздің көңілімізден шықты. Біріктірілген сыныптарда АКТ-ны қолдану, психологиялық жағдаят туғызу, оқушылардың белсенділік пен қызығушылықтарын ояту, сабақ беру әдістемесі, екі қатар сыныпқа жоспар жасау, осының барлығын тікелей эфир арқылы бізге жіті түсіндіріп, білім қоржынымызды толтыра білді.

         Сабақ бойы кері байланыс беру арқылы ШЖМ оқыту әдістемелері мен ерекшеліктері жөнінде білімімізді толықтырып, құнды ақпараттар ала алдық.Тренерлеріміз оқыған алты модульдік дәрісі барысында ұстаздарымыз белсенділік танытып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, ой-пікір алмасты. Онлайн оқу барысында әріптестерім ешқандай қиындықсыз оқып, өзіндік жұмыстарды орындай отырып, кәсібіи құзіреттіліктерінің дамуына көп мағлұмат ала білді. Сонымен қатар ШЖМ істеп жатқан мұғалімдерге кәсіби құзіреттіліктерінің жетілдірілуіне бағыт-бағдар беріп, өте құнды дәріс берген тренерлерімізге көп алғыс айтамыз.

Курс жоғары дәрежеде өтіп, сәтті аяқталды.

Автор записи: Асет Жакиянов