ҚАШЫҚТЫҚ КУРСТАРЫ ТЫҢДАУШЫЛАРЫНЫҢ ПІКІРІ

Ағымдағы жылдың 25 мамыр мен 5 маусым аралығында «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ шағын жинақты мектеп мұғалімдеріне арналған «Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақталған мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы интегративті амалы» тақырыбындағы онлайн-форматта біліктілік арттыру курсы өтті. Курстың мақсаты білім беру процесін жаңғырту жағдайында шағын жинақталған мектептің (ШЖМ) оқу-тәрбие жұмыстарында кіріктірілген көзқарасты тиімді іске асыру үшін педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамыту болып табылды.

Курс бағдарламасын меңгеру барысында мұғалімдеріміз кіріктірілген оқытудың әдістемесін, оны қолданудың түрлері және тәсілдерін; шағын жинақталған мектептің оқу-әдістемелік кешенін жаңарту жағдайында кіріктіріп оқытудың мүмкіндіктерін және оқытуды жетілдіру жолдарын, оқу үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі деңгейлеріндегі пәнді және оны пайдалана білді, оқушыларда функционалдық сауаттылықтың қалыптасуы бойынша белсенді оқыту стратегиясын пайдалануды; педагогикалық инновацияларды қабылдауды, өзінің жеке шығармашылығын, кәсіби құзіреттілігін көтеру дағдыларын қолданды.

Курс сәтті аяқталды. Елімізде болып жатқан төтенше жағдайдың қиындықтарына қарамастан онлайн форматында, Youtube порталында мұғалімдердің біліктілігін арттырып, курстың сапалы да, мазмұнды, ойға қонымды өтуіне атсалысып, әрқайсымыздың көкейімізде жүрген сұрақтарға жауаптарын беріп жатқан «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қостау кафедрасының аға оқытушысы Балкен Жебеновна Ауталиповаға алғысымыз шексіз.

Өте құнды мәліметтер, қажетті ақпараттар алдық. Осы мәліметтерді экранның ар жағында отырса да кәсіби шеберлікпен жеткізе білген, курсты жоғары дәрежеде ұйымдастырып, кәсіби деңгейімізді шыңдауға ықпал жасағаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Шығармашылық табыстарға жете беріңіз!!!

Курс тыңдаушылары:

«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Сарықамыс жалпы орта білім беретін мектеп» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Гулия Сайлаубековна Сейсембаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары — Кулимхан Хуанхан, директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары — Акшолпан Мурат, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі-Есбол Амандых

Автор записи: Асет Жакиянов