ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ АЯСЫНДА БІРҚАТАР СЕМИНАРЛАР ӨТУДЕ

«Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» атты мұғалімдерді курстан кейінгі қолдау әдістемелік десанты аясында Павлодар филиалы «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының оқытушыларымен семинарлар сериясы өткізілді. Филиалдың аға оқытушысы Өміргүл Ертісхан Екібастұз қаласының №24 мектеп-гимназиясының базасында «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарының заманауи өзекті әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Іс-шараға Екібастұз қаласы №17, 23, 24, 26, 29 орта мектептерінің қырыққа жуық мұғалімі қатысты. Ұстаздармен «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында ақпараттық технологияларды қолданудың тиімді жолдары», «Қазақ тілін  үйретудегі Smart-қосымшалары», «Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту», «Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын сапалы дамыту жұмыстары» сынды тақырыптар талқыланып, серпінді жұмыс режимі қатысушыларды белсенді диалогқа барынша тартуға ықпалын тигізді.

Шара соңында тыңдаушылар семинардың көңілдерінен шығып, қажетті, өзекті ақпаратқа ие болғандары жайлы айтып өтті.

Автор записи: Асет Жакиянов