Пікіралмасу клубы: ойланудың импульсі және өздігінен білімденуге ынталандырудың түрткісі

     2018 жылдың 25 тамызында «Өрлеу» БАҰО АҚ Павлодар облысы бойынша филиалында ИТжЖ(Г)ПОӘ кафедрасының аға оқытушысы Т.Ю.Саворовскаяның ұйымдастыруымен «Әріптестік педагогикасы: сабақта шығармашылық құзыреттілікті қалыптастыру» тақырыбы бойынша пікіралмасу клубының отырысы өтті.

Пікіралмасу клубының мақсаты: орта білім беру мазмұнын енгізудің

өзекті мәселелерін талқылау, оқытудың тиімді тәжірибесімен бөлісу, оқытудың перспективтік әдістерін енгізу бағыттарын жандандыру.

     Тренерлер мен сертификатталған мұғалімдердің арасында педагогтерді толғандыратын мейлінше өзекті сауалдар бойынша идеялармен, пайымдармен, пікір алысу өтті. Оқытудағы пргматикалылық тұлғаның дамуына кедергі болмай ма? Дәстүрлі оқытудың: түсіндіру, бекіту, бағалау тәрізді стереотипінен қалай алшақтау керек? Білімділіктің жоғары сапасына жету үшін оқыту моделінде не ауыстырылуы керек? Оқушылардың ойлау әрекетін дамыту міндетін қалай шешу керек? Сабақта онлайн-ресурстарын пайдалану не береді? Жалпы білімдендіру пәндерін оқытуда кәсіби бағыттылықты қалай қамтамасыз етуге болады?- және көптеген тағы басқа да сұрақтар.

   Талқылау барысында оқытудағы үлгілеу арқылы, (соның ішінде 3Д), зерттеушілік сипаттағы жобалар және пәндік сайыстар мен олимпиадаларға тікелей қатысу арқылы оқушылардың шығармашылық құзыреттілігін қалай дамытуға болатындығы туралы практик-мұғалімдер тәжірибелерімен бөлісті.

   Мұғалімдер келіспеушіліктердің мәнісін айқындай отырып, позицияларындағы сәйкестік пен алшақтықты көрді. Ал талқыланған мәселелерге қарама –қарсы көзқарастардың қақтығысуы әрі қарай ойланудың импульсі және өздігінен білімденуді ынталандырудың түрткісі болады.  

 

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ

Пресс-орталығы

Автор записи: Асет Жакиянов