Анонс «ЖББМ ерекшеліктеріне оқыту: функционалдық сауаттылықты дамыту, пәнаралық интеграцияны жүзеге асыру, оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту»

Құрметті мұғалімдер!

Сіздерді 2020 жылғы 5 маусым күні сағат 14.00-де «ЖББМ ерекшеліктеріне оқыту: функционалдық сауаттылықты дамыту, пәнаралық интеграцияны жүзеге асыру, оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту» тақырыбында өтетін облыстық online-семинарға қатысуға шақырамыз.

Семинардың мақсаты: білім беру мазмұнын жаңартуды жүзеге асыру мәселелерін, функционалдық сауаттылықты дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, пәнаралық интеграцияны жүзеге асыруда тәжірибе алмасуға ықпал ету.

Семинардың негізгі бағыттары:

  1. Функционалдық сауаттылық жаңартылған білім беру мазмұнын іске асырудың басымды күтілетін нәтижесі ретінде. Функционалдық сауаттылықты дамыту стратегиялары, оның ішінде қашықтан оқыту жағдайында.
  2. Пәнаралық интеграция оқушыларда әлемнің тұтас бейнесін қалыптастырудың факторы ретінде. Дәстүрлі және қашықтан оқытуда пәнаралық интеграцияны жүзеге асырудың ерекшеліктері.
  3. Жаңартылған мазмұн мен қашықтан оқыту жағдайында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытудың негізгі бағыттары.

Семинар жұмысына қатысу үшін «Облыстық семинар» белгісімен Lab_ioit@mail.ru мекенжайына 2020 жылғы 29 – мамырға дейін талаптарға сәйкес рәсімделген мақала мен тіркеу нысанын жіберу қажет.

Онлайн-семинарға қатысты сұрақтар бойынша Рысты Тұрарқызы Нұрсейітпен мына тел. 87013742517 арқылы хабарласа аласыздар.

 

Әлеуметтік желілерде бізге жазылыңыздар және біздің жаңалықтарды қарап отырыңыздар:

orleu_pavlodar

ИПК Орлеу Павлодар