Басты назарда онлайн оқыту

Бүкіл әлемде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты «Өрлеу» БАҰО» АҚ филалының Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілікті арттыру институтының тренерлері мен тыңдаушылары онлайн оқу жүйесіне көшкен.

Курс тыңдаушыларына интернет-ресурстарды қолдана отырып, жан-жақты ақпараттық және әдістемелік көмек көрсетілуде; бейнедәрістер өткізіліп, өзіндік жұмыстар, семинарлар ұйымдастырылуда.

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар филалының директоры Роза Дуйсеновна Ашимбетова және облыс педагогтері: Павлодар ауданының Шақат ЖОББМ физика пәні мұғалімі Махфура Аубакировна Қауметова, Павлодар қаласының №5 ЖОББМ қазақ тілі пәнінің мұғалімі Әсем Ережепқызы «Ертіс-информ» телеарнасына онлайн, яғни қашықтан оқытуға қаншалықты дайын болғандықтары туралы сұхбат берді.

Сұхбатты «Ертіс-информ» телеарнасының сайтынан мына сілтеме арқылы көре аласыздар: https://pavlodartv.kz/kz/news/education/basty-nazarda-onlain-okytu-1.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша

ПҚ БАИ» PR , SMM- маманы Р.Нұрсейіт