Дене шынықтыру мұғалімдерінің сындарлы диалогі

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар филиалы тыңдаушыларды курстан кейінгі әдістемелік қолдауды қашықтан оқыту режимінде жалғастыруда.

2020 жылғы 30 маусымда облыстың жалпы орта білім беру мектептері дене шынықтыру мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибелерімен алмасу бойынша онлайн-вебинар өтті. «Дене тәрбиесі» пәнін тиімді оқу мен оқытудың стратегиялары» атты вебинар тақырыбы аясында дене тәрбиесі сабақтарында қалыптастырушы бағалау және ұлттық спорт түрлерін оқыту әдістерінің мәселелері педагогтер арасында белсенді диалог тудырды.

Вебинар жұмысына облыс мектептерінен 15 мұғалім қатысты.

Павлодар, Екібастұз қалалары мен Май ауданының дене шынықтыру мұғалімдері әріптестерімен жаңартылған орта білім беру мазмұны жағдайындағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті:

– Екібастұз қаласының № 11 жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Бақытжан Машурович Нұрғалиев, Қазақтың ұлттық ойыны – асық, ұлттық ойындардың өскелең ұрпаққа берер тәрбиелік мәні туралы айтып берді;

– Павлодар қаласындағы №29 жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Ернар Құрманғазыұлы Нартбаев,  оқушыларды ұлттық ойын – тоғызқұмалақ ойнауға үйрету бойынша өз тәжірибесімен таныстырды;

– Май ауданындағы Ақжар жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Арман Тұрсынбекұлы Серікбаев, дене шынықтыру сабақтарында қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.

Вебинар соңында қатысушылар шараны ұйымдастырушы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Айгүл Жұматқызы Ахметниязоваға, тәжірибе алмасу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді және осындай іс-шаралар педагогтердің кәсіби құзіреттіліктерінің маңызды құраушыларының бірі – педагогтердің әдістемелік құзіреттілігінің өсуіне ықпал ететіндігін атап өтті.