«ЖЫЛ ТӘРБИЕШІСІ – 2019» БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

Мұғалімдер күніне арналған мереке аясында Павлодар облысында жыл сайынғы «Жыл тәрбиешісі – 2019» кәсіби шеберлік конкурсы басталды.

Конкурстың мақсаты – жас және шығармашылықпен жұмыс істейтін дарынды педагогтердің кәсіби шеберліктерін арттыру, қолдау.

Қалалар мен аудандарда өткен іріктеу кезеңдерінен кейін конкурстың облыстық кезеңіне 16 өтінім келіп түсті.

Ережеге сәйкес «Жыл тәрбиешісі» облыстық конкурсы екі турдан өтті.

17-қыркүйекте «Кәсіби құжаттама» – бірінші тур өтті, онда қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың практикалық тәжірибесінің материалдарын қарастырды.

18-қыркүйекте Павлодар қаласындағы № 84 сәбилер бақшасы базасында 15 педагог қатысқан «Педагогикалық шеберлік» конкурсының екінші туры өтті.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының оқытушы С.Д. Нургалиева бұл іс-шараға қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты.

Қорытынды конкурстық тапсырмаларға мектеп жасына дейінгі балалардың таныс емес тобында шеберлік-сыныбын өткізу және «Балаларға жүрегімді сыйлаймын» рitch-таныстырымы түрінде педагогикалық тәжірибені ұсыну енді.

Байқау жеңімпаздары Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шарада жарияланады.

 

 Л.В.Подобинская, курстан кейінгі қолдау және

инновацияларды енгізу зертханасының PR, SMM-маманы