Инклюзивті білім берудің гуманистік әлеуеті

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңымен сапалы білім алу құқығына, әрбір адамның зияткерлік дамуын, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, барлық деңгейдегі білімге қол жетімділікке кепілдік берілген, сондықтан инклюзивті білім беру-қазақстандық білім беру жүйесінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.

Алайда педагогтер көбінесе ерекше білім беру қажеттілігі бар баланы қалай үйретуге, табысты әлеуметтендіруді қамтамасыз ете отырып, педагогикалық үдерісте оған қалай көмектесуге дайын емес екені байқалады.

Сондықтан педагогтер арасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ өткізетін «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары сұранысқа ие болып табылады .

«Өрлеу «БАҰО» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалында осы тақырыпта кезекті курс жұмысы басталды. Курстың негізгі мақсаты-инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерінде мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.

Курс барысында филиалдың аға оқытушысы Ауталипова Б.Ж. мұғалімдердің инклюзивтік құзыреттілігін меңгеру үшін білім беру ортасын ұйымдастырды. Осы құзыреттілік үшін ең маңыздысы мұғалім тұлғасының жалпы гуманистік бағыты, әртүрлі білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту жағдайында кәсіби қызметті жүзеге асыруға оң көзқарас, инклюзивті білім берудің маңыздылығын түсіну, оның гуманистік әлеуетін терең ұғыну болып табылады.

Курс тақырыбы педагогтерды инклюзивті білім беру туралы заманауи, кәсіби маңызды ақпаратпен қамтамасыз етеді; мұғалімдерді білім беру үдерісін жобалау ерекшеліктерімен таныстырады. Сабақта мұғалімдер инклюзивтік білім беру ортасының мазмұнын қарастырады, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жеке білім беру бағыттарын жобалау алгоритмін меңгереді.

Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауға ерекше көңіл бөлінеді. Практикалық сабақтарда мұғалімдер ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың білім беру нәтижелерін бағалаудың әр түрлі тәсілдерін қарастырды, олар одан әрі оқу бағдарламасын меңгеруде оқушының жеке траекториясын ескере отырып, әр түрлі деңгейдегі тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын әзірлеу үшін қолданылды.

Оқытудың репродуктивті және белсенді әдістерін оңтайлы біріктіру, коллаборативті орта және қызметте ынтымақтастық атмосферасын құру-мұғалімдердің инклюзивтік құзыреттілігін дамыту үшін қажетті жағдайлар болып табылады.

Курстан кейінгі кезеңде филиалдың профессорлық-оқытушылық құрамы инклюзивті білім беруді іске асыратын мұғалімдерді әдістемелік сүйемелдеуді жоспарлап отыр, бұл мұғалімдерге жалпы білім беретін мектеп ортасына ерекше білім беру қажеттілігі бар баланы тиімді қосуға, оның дамуы мен өзін-өзі дамуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

 

Л.Подобинская , «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ» PR, SMM-маман