Инклюзивті білім беру:жеке білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар филиалы облыс мұғалімдерін курстан кейінгі қолдау шеңберінде олардың кәсіби құзыреттіліктерін жетілдірудің әртүрлі бағыттары бойынша вебинарлар топтамасын өткізуді жалғастырады.

2020 жылғы 21 қазанда  филиалдың инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы А.Ж. Ахметниязова ZOOM платформасында «Инклюзивті білім беру: жеке білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру» тақырыбында вебинар өткізді.

Мұғалімдердің ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі қиындықтарының едәуір бөлігі жеке білім беру бағдарламаларын қалыптастыру және жүзеге асырумен байланысты.Жеке білім беру бағдарламалары балалардың қарқынымен, олардың қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып,  оқуда мүмкіндіктері әр түрлі балалармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Вебинарда № 29 ЖОББМ математика пәні мұғалімдері: Ю.П. Вдовенко, Ж.З. Аманбаева, М.З. Маймышева, А.С. Касымканова және информатика пәнінің мұғалімі А.В. Скляренконың; М.Әуезов атындағы ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері:  М.Ж.Абылова, А.М. Ахметжанова, А.М.Хамитованың  жеке білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша бірлескен топтық жұмысы ұсынылды.

Вебинарда күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды, оқу парақтарын әзірлеуге ерекше назар аударылды. Жеңіл ақыл-есі кем – диагнозы бар оқушыға арналған «Жұмыс дәптері» көрсетілді.

Вебинарға барлығы 32 мұғалім қатысты.

ZOOM топтық чатында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар үшін жеке білім беру бағдарламаларын  және күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды жасау туралы көптеген нақтылау сұрақтары қойылды. Қатысушылар вебинардың жаттықтырушысына және кездесудің ұйымдастырушысы – А.Ж.Ахметниязоваға ризашылықтарын білдіріп, семинардың өзектілігін атап өтті.

 

Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар

кафедрасының курстан кейінгі қолдау және инновацияларды

енгізу зертханасының PR , SMM- маманы Р.Т. Нұрсейіт