КӘСІБИ КӨМЕГІ ҮШІН АЛҒЫСЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ …

«Қол жетімді түрдегі пайдалы ақпарат үшін рахмет» – осы және басқа алғыс сөздер «Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар филиалының аға оқытушысы Евсюкова Татьяна Анатольевнаға арналды.

2020 жылғы 10 қарашада Т.А. Евсюкова филиалмен бірлескен «Шексіз мүмкіндіктер аймағы» инновациялық жобасының қатысушысы – «Павлодар қаласының №4 арнайы мектеп-интернаты» КММ ұжымына арнап «Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жағдайында саралау қағидаттарын жүзеге асыру» тақырыбында коучинг өткізді.

Zоm платформасы арқылы ұйымдастырылған шараға, 62 педагог қатысты.

Коучингтің мақсаты – педагогтерге оқытудың саралау тәсілдемесін игеруге кәсіби көмек көрсету.

Татьяна Анатольевна қатысушылардың назарын саралаудың негізі оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу болып табылатынын, ал оқытуда сараланған тәсілдемені қолдану әр оқушының оқу материалын түсінуіне мүмкіндік беретініне аударды.

Коучингтің практикалық бөлімінде педагогтермен бірге ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуда жоғарғы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін, әрдеңгейлі тапсырмалар құрылды.

Шараны қорытындылай келе, педагогтер жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жағдайында саралау қағидаттарын жүзеге асыру бойынша жұмысты жетілдіру жолдарын белгіледі және Т.А. Евсюковаға алғыстарын білдірді.

Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының

курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының PR , SMM- маманы Р.Т. Нұрсейіт