Көптілді білім беруді жүзеге асыру саласында ынтымақтастық

2020 жылғы 7 ақпанда «Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар филиалы мен Инновациялық Евразиялық университетінің бірлескен «Интеграцияланған әдістеме бойынша оқыту материалдарын қолдану және бейімдеу» тақырыбында диалогтық алаңша ұйымдастырылып өткізілді.

Диалогтық алаңшаға ИнЕУ профессоры, ф.ғ.к. Г.А. Хамитова, көптілді оқытуды жүзеге асыратын Павлодар қаласы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының түлектеріқатысты.

Іс-шараны модератор  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ директоры Р.Д. Ашимбетова жүргізді.

Бұл іс-шараның мақсаты –жаңартылған білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру жағдайында жалпы орта білім беру мектептеріне көптілді білім беруді енгізудің тәжірибесі мен мәселелерін талқылау және педагогикалық өзара іс-қимыл жолдарын анықтау.

Алаңша бағдарламасында мынадай мәселелер талқыланды:

  • CLIL сабақтарына арналған оқу материалдарын таңдау және бейімдеу;
  • жалпы білім беретін мектеп жағдайында жаратылыстану-математика бағыттағы пәндер мен ағылшын тілі пәндерінің интеграциясы;
  • ағылшын тілі элементтерімен биологияны ерте зерттеу;
  • мектептің көптілді білім беру кеңістігі.

Іс-шара соңында қатысушылар диалогтық алаңшаның жұмысына белсене қатысқан педагогтерге және ұйымдастырушыларға үлкен алғысын білдірді және көптілді білім берудің мәселелерінсындарлы шешуге мүмкіндік беретін, тұрақты жұмыс істейтін алаңшаны қолдайтындықтарын айтты.

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ»

PR , SMM- маманы Подобинская Л.В.