Мұғалім мен оқушыға көмекке арналған цифрлық сабақтар

Цифрландыру мен ақпараттандыру дәуірі мектепке сын тудырып отыр. Өзінің дәстүрлі сабақтарымен 300 жыл бұрын Я.А.Коменскиймен негізі қаланған, сынып-сабақ жүйесі, қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты заңды өзгеріске ұшырап отыр. Қазіргі кезде қоғамға пәндік білім алуға емес, іс-әрекет әдістерін қалыптастыруға бағытталған басқа мектеп қажет. Мектеп білімге негізделген оқыту моделінен құзыреттілік моделіне көшуде.

Қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту оқу үдерісінің әрбір қатысушысы сапалы білім алу мүмкіндігі нұсқаларының бірі ретінде қарқынды енгізілуде. Осыған байланысты цифрлық технологиялар алдыңғы қатарға шығып отыр.

2020 жылғы 15 қыркүйекте «Балалық шақ академиясы» бағдарламасы аясында Halyq Radiosy тікелей эфирінде цифрлық сабақтардың контенттерін-әзірлеушілерімен әңгіме өтті. Студияға «Өрлеу»БАҰО» АҚ Павлодар филиалы білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қостау кафедрасының меңгерушісі А.Ж.Несипбаева мен Павлодар қаласындағы №18 ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі М.В. Иванникова шақырылды.

Цифрлық білім беру ресурстары қашықтықтан оқытуда оқушыларға оқу бағдарламаларын игеруге қалай көмектесе алады?

Әлем Жакеновна: оқу жұмысын қашықтықтан ұйымдастыру дегеніміз ─ оқушыға жаңа тақырыпты өз бетімен оқып үйренуіне және оны қаншалықты жақсы меңгергендігін бағалауға көмектесу. Онлайн-сабақ шын мәнінде ─ бұл дәл сондай сабақ, бірақ онлайн-трансляция режимінде және электрондық, мультимедиялық оқу материалдарын қолдану арқылы өткізіледі. Онлайн-сабақтарда кәдімгі сабаққа тән барлық негізгі білім беру функциялары сақталады. Оқушылар мұғалімді көре және ести алады, өз сұрақтарын қоя алады, сауалнамаларға, тестілерге және т.б. қатыса алады.

Марина Валерьевна: сабақтар мазмұны нақты оқулықтың мазмұнына сәйкес іріктелген және күнделікті сабақ жоспарына «байланған». Барлық сабақтар интербелсенді форматта жасалған. Балаларды құрғақ фактілер қызықтырмайтынын, одан олар тез шаршайтынын және тақырыпты оқуға деген қызығушылықтарын жоғалтатынын білеміз. Мұғалімнің түсіндірмесі қысқаша берілген, ең маңыздысы көрсетілген. Біз сондай-ақ бейне қатарына үлкен назар аудардық: мұғалімнің әңгімесі «қозғалмалы қолмен», суреттермен, мысалдармен сүйемелденеді. Түсіндіруден кейін балаларға сабақ барысында және кейіннен үйде өз бетімен жұмыс жасау үшін әр түрлі оқу тапсырмалары ұсынылады. Сабақта тесттік тапсырмалар арқылы кейінге қалдырылған рефлексия, чаттағы немесе электрондық пошта бойынша сұрақтар мен жауаптар, кері байланыстар блогы беріледі.

Мұғалімдер мен оқушылар сіздер жасаған цифрлық сабақтардың контенттерін қайдан таба алады?

Онлайн-сабақтарды қарау және жүктеп алу үшін мына сілтемеге өту керек: Ресурстар – Өрлеу білім беру каналы: https://www.youtube.com/channel/UCXC-idU18buI-_kCBLU16-g

немесе мына сайтқа: www. orleu-edu.kz