Цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу мектеп педагогтерінің практикасында

Ағымдағы жылғы 16 қыркүйек сағат 16.00-де ZOOM платформасында Аққулы ауданы білім беру бөлімінің сұранысы бойынша мектеп мұғалімдері үшін «Мектеп педагогтерінің практикасындағы цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу» тақырыбында бейнеконференция-кеңес беру өткізілді. Бейнеконференцияға Павлодар облысының Аққулы ауданы орта мектептерінің 15 мұғалімі қатысты.

Модератор «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы А.Ж. Ахметниязова оқу үдерісін ұйымдастыруға қажетті білім беру ресурстарымен таныстырды. Мұғалімдер сабақты әзірлеу және өткізу кезіндегі ЦББР міндеттерімен, ЦББР әзірлеуге қойылатын талаптармен, ЦББР құрылымының модельдерімен, қарапайым және күрделі ЦББР қолдану мысалдарымен танысты.

Іс-шара барысында цифрлық құралдардың мүмкіндіктері орыс тілі мен әдебиетін оқыту практикасынан алынған нақты мысалдар бойынша қарастырылды, Google диск пен Google қосымшалары, LearningApps, Mindomo.com сервистері мен әр түрлі білім беру платформаларын пайдалану бойынша нақты практикалық ұсынымдар берілді.

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар филиалының қызметкерлері мен Павлодар облысы мектептерінің жетекші педагог-мұғалімдерімен бірлесе жасалып, «Өрлеу» білім беру арнасында» орналастырылған цифрлық сабақтардың контенттерін әзірлеуге көп көңіл бөлінді.

Конференция соңында қатысушылар әртүрлі сандық құралдарды қолданудың тиімділігі туралы өз пікірлерін білдірді. Сонымен қатар олар ұсынылған материалдардың өзектілігі мен осындай іс-шаралардың уақтылы өткізілуін атап өтті.