Мұғалім шығармашыл тұлға

Қазіргі кездегі білім мен тәрбие берудегі негізгі мақсат – жан – жақты білімді, өзгермелі ортаға бейім, өзінің білім, білік дағдысын қолдана алатын, іскер, өзіндік ой толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Сол өзгермелі ортаға бейім оқушыны тәрбиелеу үшін мұғалім өзі сол өзгермелі ортаның жаңашылдығына сай болу керек. Сондықтан әрбір ұстаз жаңа кезең талаптарына сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға ынталы, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс.

Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп

отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді

тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады

Константин Ушинский

 

Өз білімімді жетілдіру мақсатында «Өрлеу» біліктілікті артыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ-да ағымдағы жылы 07.07 – 17.07 аралығында «Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақталған мектептің оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудағы интерактивті амал» тақырыбында онлайн-курстан өттім. Курстың кураторы аға оқытушы Балкен Жебеновна Ауталипова.

Курс барысында  көптеген  мәліметтер алдық. Теория негізін тәжірибемен ұштастырып жұмыс жасадық, Балкен Жебеновна үйретіп қана қоймай, күнделікті үй тапсырмалары арқылы алған білімдерімізді қорытындылап отырды.  Курстың  тиімді өтуіне түрлі әдістерді қызықты қолдана алды. Шағын жинақталған мектепте, яғни біріктірілген екі сыныпта сабақ жоспарын жасауды үйрендік. Критериалды бағалау жүйесі жайлы өз білімімізді толықтырып қана қоймай, тәжірибе жүзінде тапсырмалар орындадық. IT технологиясы, STEM және BilimLand басқа да цифрлық білім беру   ресурстарын қолдану жөнінде білімімізді жетілдірдік. Курс жетекшісі Ауталипова Балкен Жебеноваға алғысым жексіз. Еңбегіңіз жана берсін!

 

Баянауыл ауданы

Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебінің

биология пән мұғалімі Арыкпанова Толкын