МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

2020 жылғы 9- қаңтарда «Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар филиалында  ҚР Парламент Мәжілісі VI – шақырылымының депутаттары А.А. Курманова мен А.К. Нуркинаның қатысуымен «ҚР білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асырудағы біліктілікті арттыру жүйесінің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына білім беру бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері, білім беруді дамытудың инновациялық орталығының қызметкерлері, Республикалық педагогикалық шеберлік конкурстарының жеңімпаздары, Павлодар облысының мектептері мен балабақшаларының педагог қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел «Педагогтің мәртебесі туралы» ҚР Заңын, «Қазақстан Республикасының білім беру және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру тұрғысында педагог қызметкерлердің кәсіби даму мәселелерін талқылауға арналған ақпараттық алаң болды, соның арқасында педагогтер қолданыстағы заңнамалық актілерге бірқатар ұсыныстар енгізе алды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар филиалының директоры Ашимбетова Роза Дуйсеновна өз құттықтау сөзінде кездесудің маңыздылығын атап өтті және қабылданған заңнамалық құжаттарды іске асыру мәселелері бойынша билік органдарымен тиімді өзара әрекет жасайтынына сенім білдірді.

Дөңгелек үстел барысында құқықтық реттеуді қажет ететін атап айтсақ «Педагогтің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына, онда білім беру ұйымдарының біліктілігін арттырумен айналысатын ұйымдардың қызметкерлері мен медицина қызметкерлері «педагог» санатына ұсынылмауы, сондай-ақ, жан басына қаржыландыру және білім берудің ваучерлік жүйесін енгізу мәселелері көтерілді, бұның салдарынан бірқатар мектептерде қосымша жұмысбастылық туындауы мүмкін.

Еркін микрофон режимінде көптеген өзекті сұрақтар қойылды, депутаттар Айзада Курманова мен Айгүл Нуркина осы сұрақтарға жауап бере отырып, «Педагогтің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың болашағы туралы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заңды түсіндіретін нұсқаулықтар мен бұйрықтардың қабылдануы мүмкін екендігін айтты.

 

Нұрсейіт Р., PR, SMM-маман «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ