НОВОСІБІР ЖӘНЕ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҚЫРЫ

Ағымдағы жылдың қараша айында халықаралық ынтымақтастық аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ мен Ресей Федерациясының Новосібір облысы Чистоозерный ауданы әкімшілігінің білім беру басқармасы жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім беруді дамыту мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды.

Келісім шарттың мақсаты – бірлескен іс-шаралар, ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың негізінде Павлодар облысында (Қазақстан Республикасы) және Новосібір облысының Чистоозерный ауданында (Ресей) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді одан әрі дамыту.

Ағымдағы жылдың 7 қарашасында инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы А.Т. Идилуп Новосібір облысының Чистоозерный жұмыскерлер ауылында «Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып оқушыларының білім беру кеңістігін ұйымдастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Оған Новосібір облысы Чистоозерный ауданының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі Чистоозерный ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары – білім басқармасының бастығы Андрей Анатольевич Сапсай «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ-ға жемісті ынтымақтастық, жоғары кәсіби тәсілдеме және аудан педагогтерінің сапалы дайындығы үшін алғыс білдірді.

 

Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасы курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі Е.В. Гущанская