ЗЕРТТЕУДЕН ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА

28 қаңтарда Павлодар қ. № 4 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернатының базасында білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қостау кафедрасының аға оқытушысы Евсюкова Татьяна Анатольевна «Іс-әрекеттегі зерттеу» атты тренинг өткізді.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша №4 ЖББМИ «Шексіз мүмкіндіктер аумағы» жобасының инновациялық алаңы болып табылады.

Тренинг жұмысына 30-дан астам педагог қатысты.

Тренингтің мақсаты мектеп тәжірибесі аясында шағын зерттеу жүргізу бойынша педагогтардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру болды.

Неге педагогикалық проблеманы микро зерттеу сияқты шешудің дәл осындай түрі таңдалып алынды?

Біріншіден, мектеп базасында Іс-әрекеттегі зерттеу тәжірибелі-мамандарға мектеп проблемаларын талдауға, ойлауға және шешуге мүмкіндік беретін процесс болып табылады.

Екіншіден, мектеп мұғалімінің іс-әрекетінде зерттеу жұмысы, оны терең түсіну және одан әрі жетілдіру мақсатында өз тәжірибесін өзін-өзі дамыту процесіне тарту болып табылады.

Үшіншіден, зерттеудің практикалық бағыты: «Іс – әрекеттегі зерттеу» қатысушыларының күш-жігері оқу бағдарламасын жаңғыртуға, проблемаларды үздіксіз анықтау, деректерді жинау, оларды талдау және оның негізінде тәжірибелік іс-әрекеттер арқылы қолданыстағы мектеп тәжірибесін қайта қарастыруға бағытталған.

Педагогикалық тәжірибе алмасу, шағын зерттеу нәтижелерінің тұсаукесері 2020 жылдың ақпан айында өтетін облыстық педагогикалық идеялар фестивалі аясында өтеді.

 

Курманова Г.К., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ»

әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері жөніндегі басқарма бастығы