«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ…

2020 жылдың ақпан айынан «Педагогикалық идеялар панорамасы-2020» (конкурсы туралы Ереже) дәстүрлі Республикалық бейне-сабақ байқауы басталды. Конкурстың ұйымдастырушысы – «Өрлеу»  Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»  Акционерлік қоғамы.

Конкурстың аймақтық кезеңі 2020 жылдың 10 наурызынан 30 маусымына дейін өткізіледі.

Конкурс мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары педагогикалық қызметкерлерінің заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін қолдану бойынша тиімді практикаларын және озық тәжірибелерін таныстыру мен тарату формаларының бірі болып табылады

 Конкурстың мақсаты – біріңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру.

2019 жылы байқау идеяларын белсенді насихаттаудың арқасында Павлодар облысының 140-тан астам жаңашыл педагог өз инновациялық тәжірибесімен бөлісуге ниет білдірді.

Конкурстың республикалық кезеңінде Павлодар облысынан 58 қатысушы қатысты, оның 9-ы жүлделі орындарға ие болды және ірі ақшалай сыйлықтарға ие болды

Жеңімпаздардың конкурстық бейнематериалдары еркін қолжетімді. Олармен «Өрлеу » YouTube білім беру арнасында танысуға болады (https://clck.ru/FCxA7).

Құнды олжаларыңызбен бөлісіңіздер, «Педагогикалық идеялар панорамасы-2020″ Республикалық бейне-сабақ байқауына қатысыңыздар!!!