ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫҢ КӘСІБИЛІГІН ҮЗДІКСІЗ ЖЕТІЛДІРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Әр ай сайын «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ-да шығармашылық зертхананың қатысушыларына арналған «Педагогикалық шеберхана» атты тұрақты жұмыс істейтін:

– (PISA, PIRLS) оқудың функционалдық сауаттылығы дағдыларына оқыту бойынша тапсырмалар;

– құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар;

– Б. Блумның таксономиясына сәйкес әр деңгейлі тапсырмалар әзірлеу бойынша семинар-практикум өтеді.

Семинардың мазмұны құзыреттілік тәсілдеме негіздеріне, оқушыларда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру тәсілдерін мұғалімдердің меңгеруін қамтамасыз ететін білім беру ортасын құруға сүйенеді. Семинар міндетті кері байланыс, топтық тәжірибеге сүйене отырып өзара әрекеттесу, тыңдаушылардың белсенділігі қағидаттары бойынша ұйымдастырылады. Ашықтықпен, қатысушылардың өзара әрекеттесуімен, олардың дәлелдерінің теңдігімен, ортақ білім жинақтаумен, өзара бағалау мен бақылау мүмкіндіктерімен сипатталатын білім беру қатынасының ортасы құрылады. Бірлескен әрекет әр адам өзінің жеке үлесін қосатынын білдіреді, жұмыс барысында мұғалімдерге өз білімдерімен, идеяларымен және жұмыс тәсілдерімен алмасу мүмкіндігі беріледі.

Рефлексиялық кеңістікте мұғалімдер семинарды өткізу уақытында әркім өзінің табыстарын, өзінің интеллектуалды қабілеттілігін сезінетін, оқу аяқталғаннан кейін мәселелерді шешу бойынша жұмыс жасау үшін қор жасайтын оқу процесінің нәтижелілігін, ыңғайлы оқу жағдайын атап көрсетті.

Семинарға қатысу өнімді жұмыс үшін қабілеттерді дамытатынын және қажетті дағдыларды: сыни ойлауды дамыту; коммуникативтік мәдениетті дамыту; зерттеу дағдыларын қалыптастыратынын атап өтті.

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша

ПҚБАИ баспа ісінің бас маманы Л.В.Руколеева