ПЕДАГОГ – ШЫҒАРМАШЫЛ МАМАНДЫҚ

2019 жылдың 12 маусымында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалы Екібастұз қаласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері үшін «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсын дайындау және өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру шеңберінде көшпелі педагогикалық қонақжай отырысын өткізді.

Бұл шараның мақсаты: «Педагогикалық идеялардың панорамасы» бейне – сабақтардың жыл сайынғы Республикалық конкурсының ықтимал қатысушыларына кеңес беру. Бұл конкурс мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру қызметкерлерінің озық педагогикалық идеяларын, заманауи білім беру технологиялары мен әдістерін қолданудың тиімді тәжірибелерін ұсыну және таратудың бір түрі болып табылады.

Педагогикалық қонақжай жұмысына «Мектепке дейінгі ұйымның әдіскері» номинациясы бойынша конкурстың жүлдегерлері атанған С. Г. Журавлева, А. Н. Споттару (Екібастұз қаласы № 9 «Радуга» балабақша – гимназиясы) қатысып, осы конкурсқа: сценарийді әзірлеуден бастап марапаттау рәсіміне қатысқанға дейінгі өз тәжірибелерімен бөлісті.

Филиалдың оқытушысы С.Д. Нургалиев және PR, SMM-маман Л.В. Побинская конкурстық жұмыстарды дайындау бойынша бағыттарды көрсетті, бейне сабақтар ұсынудың формалары мен олардың сапасына әсер ететін факторларды қарастыруда, болашақ конкурсқа қатысушылардың туындаған сұрақтарына жауап берді.

 

Л.В.Подобинская, курстан кейінгі қолдау

және инновацияларды енгізу зертханасының

PR, SMM-маманы