ТАРАТУҒА ЛАЙЫҚТЫ ИДЕЯЛАР

17 мамыр күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ жедел жұмыс жоспарына сәйкес Павлодар филиалы базасында TED-Ed форматындағы «Білім беру мазмұнын жаңарту практикасы: даму заңдылықтары мен үрдісі» атты республикалық практикаға бағдарланған конференция өтті.

Конференцияны өткізудегі мақсат: Қазақстан Республикасының үздік жас педагогтерімен орта білім беру мазмұнын жаңарту практикасын іске асыруда, таратуға лайықты бірегей идеяларды көрсету және талқылау.

Қатысушылар: «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдарының профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері, мектептердің мұғалімдері, әдіскерлер (қатысушылар саны – 120).

Спикерлердің ой-пікірлері білім беру ортасында таратуға лайықты идеяларды, оның ішінде білім беру мазмұнын жаңартуды іске асыру жағдайында педагогикалық практиканың проблемалық мәселелерін, сондай-ақ, оқыту саласындағы инновациялық табылымдарды қамтыды:

1. «Z ұрпағы балаларын орыс тіліне оқытудың ерекшеліктері».

2. «Концептуалды оқыту – жаңартылған білім берудің негізі».

3. «Балалармен дене тәрбиесі және сауықтыру жұмысында дәстүрлі емес үлгілерді пайдалану».

4. «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында заманауи сабақты жобалау».

5. «Болашақтың балаларын оқыту үшін мұғалімде болуға тиісті дағдылар».

6. «Баланы ғылымға қалай қызықтырамыз?» (Science and WORLD жоба негізінде).

7. «ҚР орта білім берудің жаңа парадигмасында бейресми оқытудың аффективті әдістерін пайдалану».

8. «Келешек мектеп мұғалімдері: қалай мен оларды елестетемін?».


Выступления-размышления спикеров содержали идеи, достойные распространения в образовательной среде, в числе которых были и проблемные вопросы педагогической практики, и инновационные находки в области преподавания, обучения в условиях реализации обновления содержания образования:
1. «Особенности обучения русскому языку детей поколения Z».
2. «Концептуалды оқыту – жаңартылған білім берудің негізі».
3. «Использование нетрадиционных форм в физкультурно-оздоровительной работе с детьми».
4. «Проектирование современного урока в условиях обновления содержания образования».
5. «Болашақтың балаларын оқыту үшін мұғалімде болуға тиісті дағдылар».
6. «Баланы ғылымға қалай қызықтырамыз?» (Science and WORLD жоба негізінде).
7. «Использование аффективных методов неформального обучения в новой парадигме среднего образования РК».
8. «Учителя школы будущего: какими я их представляю?».

Қатысушылардың пікірлері бойынша, осындай конференциялар педагогтердің шығармашылық дамуын ынталандыруға, олардың өздігінен білім алу жұмысын және өз кәсіби деңгейін көтеруін уәждеуге мүмкіндік береді.