«ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ. ЛАТЫНДАНДЫРУДЫҢ МӘНІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ВЕБИНАР

2019 жылғы 18 қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар филиалы және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен бірлескен «Тіл және қоғам. Латындандырудың мәні» тақырыбында республикалық вебинар өткізілді.

Бірлескен іс-шараның модераторлары:

– Гаухар Сайлаубековна Жуманова, ШҚО бойынша ПҚ БАИ директорының оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасары, п.ғ.к.,

– Оморгуль Эртисхан, Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ, ИТжАТ кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі болды.

Вебинарға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының  оқытушылары мен қызметкерлерінің құрамынан тренерлер, жоо-ның ғалымдары қатысты.

Вебинар пікірталас алаңы форматында өткізілді. Іс-шара барысында келесі мәселелер талқыланды:

Республикалық вебинарда талқыланатын сұрақтар мен проблемалар:

– латын графикасына үйретудің әдіснамасы;

– қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшірудегі қиындықтар;

– қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіруде АКТ қолдану;

– латын графикасына көшудегі жоо мен басқада білім беру ұйымдарының рөлі және т.б.

Вебинарға қатысушылар іс-шараның практикаға бағытталғандығы мен регламенттің қатаң сақтағандығын, қарастырылған мәселелердің маңыздылығын, коммуникацияның он-лайн режимінде тиімді басқарылуын атап өтті. Бірлескен жұмыстың қорытындысы бойынша латын графикасын оқытуға арналған әдістемелік ұсыныстар ұсынылды.

Вебинарға қатысушылардың барлығына жұмысқа қатысқаны үшін рахмет. Шығыс Қазақстан облысындағы әріптестерімізге вебинар тақырыбы бойынша дайындаған материалдары, белсенді диалогтері үшін ерекше алғыс айтамыз.

Вебинарға қатысушыларға сертификаттар мен Алғыс хаттар берілді.

Вебинардың қорытындысы бойынша қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу тәжірибесін жалғастыру шешімі қабылданды.

Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасы курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі Е.В. Гущанская