Тұрақты даму мүддесіндегі білімдендіру серіктестігі

25 наурызда «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ мен «Павлодар қ. Назарбаев зияткерлік мектебі»(НЗМ), Павлодар қ. Педагогикалық шеберлік орталығы (ПШО) білімдендіру серіктестерімен бірлесіп гимназиялық сыныптары бар инновациялық типтегі №39 ЖОМ базасында көптілділікті енгізу бойынша жобаны сүйемелдеу аясында «Мектептің көптілді білімдендіру кеңістігі: ахуалы мен даму болашағы» тақырыбы бойынша ашық педагогикалық кеңестің жұмысына қатысты.

Білімдендіру серіктестігінің басты міндеті- педагогикалық мәселелерді шешуде педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру бойынша күш-қуатты шоғырландыру. Педагогикалық кеңестің алдында мектептің әдістемелік кеңесінің кеңейтілген отырысы болды, онда мектеп мұғалімдерінің шығармашылық тобының ғылыми жетекшісі, филиалдың өкілі Г.Қ.Құрманова мектептің желілік көптілді білімдендіру кеңістігін құру бойынша аралық қорытындылардың таныстырылымын жасады. ПШО мен НЗМ өкілдері көптілді және кіріктірілген сабақтарға қатысу қорытындыларын көрсетті. «Ашық педкеңестің» форматы әлеуметтік серіктестерді, басқа да білім беру ұйымдарының, Қамқорлық кеңесі тарапынан ата-аналар қоғамдастығы өкілдерін тарту арқылы қатысушылардың шеңберін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Педкеңестің бірінші бөлімінде көптілділік идеясын енгізу және оны мектептің білімдендіру кеңістігіне кіріктіру бойынша мұғалімдер ұжымы әрекетінің анализі ұсынылды. Екінші бөлімде көптілді және кіріктірілген ашық сабақтар, арнаулы курстар, факультативтердің таныстырылымы болды. Айта кетерлігі, осы тәжірибе бес жыл бойы қалыптасып келеді. Өткізілген сабақтардың қорытындысы модификацияланған SWOT-талдау: сабақтың күшті жақтары, өсу перспективалары, мұғалімге сұрақ, ұсынымдар түрінде өтті. Талқылау Педагогикалық табыс сатысын толтырумен аяқталды. Аталған педагогикалық өзара әрекеттестік кәсіби өсу нүктесін көруге; үш тілді меңгеруді жетілдіру тілегі бар пән мұғалімдері үшін «Тілдік студия»- ұжымды оқытудың жаңа әдістемелік түрін бастамаға алуға; бұдан кейінгі іс-қимылдарды болжауға мүмкіндік берді.

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша

ПҚБАИ баспа орталығы