Халықты әлеуметтік қорғау саласының мамандарымен кездесу

Ағымдағы жылдың 11 ақпанында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, өткізілді.

Кездесуді «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ директоры Р.Д. Ашимбетова ашып, қатысушыларды бағдарламамен таныстырды және ұйыммен кездесуге шақырылған өкілдерге сөз берді.

Қор өкілдері А. А. Капенова мен В.Е. Сафронова өз сөздерінде міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандырудың түрлері, міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, МӘСҚ-қа әлеуметтік жарналарды төлеу және МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдерді төлеудің механизмдері туралы, сондай-ақ БЖТ енгізу жөнінде ақпарат берді.

Кездесу соңында А.А. Капенова, В.Е. Сафронова институт қызметкерлерін қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

 

Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының

курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу

зертханасының PR , SMM- маманы Р.Т. Нұрсейіт