«ШЖМ: ОҚУ ҮДЕРІСІН ҚАЛАЙ ТИІМДІРЕК ЕТУГЕ БОЛАДЫ?»

Ағымдағы жылдың 28 мамырында шағын жинақталған мектеп мұғалімдеріне арналған «ШЖМ: біріктірілген сыныптарда оқу уәждемесін дамыту жолдары» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өтті. Семинар модераторлары: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша  ПҚБАИ инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушылары А.Ж. Ахметниязова мен С.К. Сарсенова болды.

Семинарға облыстағы шағын жинақталған мектептерде жұмыс істейтін 32 педагог қатысты.

Іс-шараның мақсаты − білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ШЖМ оқу-тәрбие жұмысының интегративті тәсілдемесін тиімді жүзеге асыру үшін педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру.

Бірлескен бейнекездесуді өткізу үшін платформа ретінде Google Meet қосымшасы таңдалды. Сервистің мүмкіндіктері көмегімен семинарға қатысушылардың барлығымен еркін тілдесу ұйымдастырылды, ШЖМ жағдайында жұмыс істеудің артықшылықтары мен мәселелі тұстары, оқу әрекетін ұйымдастыру әдістерімен және біріктірілген сыныптардағы оқушылардың оқу ынтасын арттыру бойынша пікір алмасты. Өз мәселелерімен және оларды шешудегі тәжірибелерімен жас мамандар да, сондай-ақ тәжірибелі мамандар да бөлісті. Мұғалімнің біріктірілген сабақтардағы оқу үдерісін ұйымдастырудағы рөлі сұрағы ерекше қызығушылық тудырды.

Өз істері, өз мектептері үшін жанын салып істейтін ниеттес-педагогтердің өте қызықты және жанды тілдесуі болды. Семинарды өткізу барысында да, оның жұмысы аяқталғаннан кейін де, бізге көптеген жағымды пікірлер және пайдалы кездесу үшін, шағын жинақталған мектептің мәселелерін бірлесіп талқылау және оларды шешудегі тәжірибелерімен бөлісу мүмкіндігі, ШЖМ оқу үдерісінің тиімділігін арттыру бойынша практикалық ұсынымдар үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтылды.